Accessibility links

Тұрсынбаева олимпиаданың негізгі бағдарламасына өтті


Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламасын орындап жатқан сәт. Пхенчхан. 21 ақпан 2018 жыл.
Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламасын орындап жатқан сәт. Пхенчхан. 21 ақпан 2018 жыл.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Пхенчханда өтіп жатқан қысқы олимпиаданың негізгі бағдарламасына өтті. Әйелдер арасындағы жекелей жарыстың қысқа бағдарламасында Тұрсынбаева 57,95 ұпай алып, қазір 15-орында тұр.

Қысқа бағдарламада Тұрсынбаева үштік риттбергер элементін секіре алмады. Ал қалған үштік сальхов+үштік тулуп элементін және екілік аксельді таза секірді. Тұрсынбаева 23 ақпанда негізгі бағдарламаға қатысады.

- Бірінші элементті секірмедім, сондықтан ұпай да төмен болды. Екі элементті жақсы секірдім. Жоғары нәтиже көрсетуге болар еді. Дегенмен олимпиадаға қатысқаныма қуаныштымын. Шат жарақатына байланысты қатыса алмай қалуым да мүмкін еді, - деді Тұрсынбаева жарыстан кейін.

Әйелдер арасындағы жекелей сынға қатысқан тағы бір қазақстандық Айза Мамбекова қысқа бағдарламада 30 спортшы арасында 30-орын алды. Ол негізгі бағдарламаға өткен 24 үздіктің қатарына енбеді.

Айза Мамбекова қысқа бағдарламасын орындап жатқан сәт. Пхенчхан. 21 ақпан 2018 жыл.
Айза Мамбекова қысқа бағдарламасын орындап жатқан сәт. Пхенчхан. 21 ақпан 2018 жыл.

Қазақстандық екі спортшы да жарысқа жарақатпен қатысқандарын айтады. Мамбекова бес ай бұрын жаттығуда аяғын сындырып алған. Ал Тұрсынбаева қаңтарда жаттығу кезінде аяғынан жарақаттаған.

Пхенчхандағы қысқы олимпиада 25 ақпанда аяқталады. Қазақстан бір қола медальмен жалпы есепте 25-орында келеді.

XS
SM
MD
LG