Accessibility links

Полиция Алматы әкімінің кездесуіне барған бірнеше адамды кіргізбеді


Алматы әкімі Бауыржан Байбектің тұрғындарға есеп беру жиыны. Алматы, 21 ақпан 2018 жыл.

21 ақпан күні Алматы әкімі Бауыржан Байбектің халыққа есеп беру кездесуіне келген бірнеше адамды полиция кездесуге кіргізбеді.

Журналист әрі азаматтық белсенді Инга Иманбайдың Азаттық тілшісіне хабарлауынша, «Көкжайлауды қорғайық!» қозғалысының белсенділері Андрей Бузыкин мен оның жұбайын полиция кездесу өтетін Республика сарайы алдынан ұстаған. Инга Иманбайдың айтуынша, белсенділерді кездесу басталмас бұрын, таңға сағат 8:30-дан бері көлікте ұстап отыр.

Белсенділердің ұсталғанын құқық қорғаушы Айна Шорманбаева да Facebook-тегі парақшасында хабарлады

Кездесуге сонымен қатар тұрып жатқан үйлеріне қатысты проблемаларын айтуға келген бірнеше тұрғын да кіре алмаған. Олардың сөзінше, полиция өздерін «іште орын жоқ» деп, кездесуге кіргізбей қойған.

Азаттық тілшісіне Медеу аудандық ішкі істер басқармасынан ұсталғандар туралы ақпарат алу мүмкін болмады.

Бауыржан Байбектің жыл сайын өтетін тұрғындарға есеп беру кездесуі Республика сарайында сағат 10-да басталды. Республика сарайын таңертеңнен бері полиция қызметкерлері қарауылдап жүр, сарай маңына полицияның бірнеше көлігі қойылған.

  • 16x9 Image

    Аян ҚАЛМҰРАТ

     

    Аян Қалмұрат - Азаттықтың Алматы бюросында 2017 жылдан бері тілші. Тұран университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұрындары 7kun.kz ақпарат агенттігі мен "Жас Алаш" республикалық қоғамдық-саяси газетінде жұмыс істеген. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

AzatNews 14.12.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:50 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG