Accessibility links

Өзбек-тәжік шекарасындағы «Каримов қабырғасы» бұзылды


Өзбекстанның Тәжікстанмен шекарасындағы тексеру және өткізу бекеті (Көрнекі сурет).

Өзбекстанның Самарқан облысын Тәжікстанның Соғды облысымен байланыстыратын «Саразм-Жартепа» тексеру және өткізу бекетіндегі тұрғындар арасында «Каримов қабырғасы» аталып кеткен үлкен қабырға бұзылды. Азаттықтың Өзбек редакциясының хабарлауынша, қабырға 18 ақпан күні бұзылған және оған Өзбекстан мен Тәжікстан шекара қызметтерінің өкілдері қатысқан.

Тәжікстандықтар «Ислам Каримов қабырғасы» деп атап кеткен ұзындығы 3 метр, ені 10 метрлік қабырға 2010 жылы өзбек билігінің бастамасымен тұрғызылған.

Тәжікстан билігінің Азаттықтың Өзбек редакциясына хабарлауынша, аталған шекара бекетінде терминал, қонақүй мен көлік тұрағын салу жоспарланып отыр.

Тәжікстанның Пенджикент ауданындағы Саразм ауылының тұрғыны Осим Жамоловтың айтуынша, қабырға тұрғызылғанға дейін жергілікті тұрғындар көршілес Өзбекстанға жиі қатынап, азық-түлік пен керегін алып тұрған. Себебі Соғды облысының орталығы Худжанд қаласы Саразм ауылынан 250 километр қашықта, ал Самарқанға дейінгі аралық 36 километр ғана.

Тәжікстандық журналист Шохин Равшанның Азаттыққа айтуынша, «Саразм-Жартепа» тексеру және өткізу бекетін келесі айдың ортасына таман ашу жоспарланған.

AzattyqTV

Янценоның соңғы тұрғыны
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:46 0:00
Cолтүстік Қазақстан

Янценоның соңғы тұрғыны

XS
SM
MD
LG