Accessibility links

Германия Ресей мен Иранды Асадты «қырғынды» тоқтатқызуға шақырды


Сириялықтар көтерілісшілер бақылайтын Шығыс Гута аймағында Хамурия қаласында Асад күштерінің әуе шабуылынан соң жараланған баланы алып бара жатыр. 21 ақпан 2018 жыл.
Сириялықтар көтерілісшілер бақылайтын Шығыс Гута аймағында Хамурия қаласында Асад күштерінің әуе шабуылынан соң жараланған баланы алып бара жатыр. 21 ақпан 2018 жыл.

Германия Ресей мен Иранды Сирия үкіметіне Дамаск маңындағы көтерілісшілер бақылайтын Шығыс Гута анклавында «қанды қырғынын» тоқтатуына ықпал етуге шақырды. Тәуелсіз сарапшылардың есебінше, Шығыс Гута аймағында екі күнде шайқастан кем дегенде 250 бейбіт тұрғын қаза тапқан.

«Астанада отырып қақтығыстың тоқтатылатынына кепіл болуға уәде берген Ресей қайда, Иран қайда?» деп мәлімдеді 21 ақпан күні Германия канцлері Ангела Меркельдің өкілі Штеффен Зайберт.

«Бұл екі одақтасының қолдауынсыз Башар Асад билігі бүгінгі орнында бола алмас еді. Әрине, мұндай қолдау болмаса режим БҰҰ ұсынып отырған бейбіт келіссөзге дайын болған болар еді» деді Штеффен Зайберт.

БҰҰ,Батыс елдері мен гуманитарлық ұйымдар мен Сирия мен Ресей әскери ұшақтары және тікұшақтарының Дамаскіге жақын көтерілісшілер анклавына қарсы «күйрете соққы беріп жатқанына» қатты алаңдап отыр. Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) тобы Шығыс Гутада 18 ақпаннан бері кем дегенде 250 адам, оның ішінде 58 бала қаза тауып, 1200 адам жараланғанын мәлімдеді.

Ресей мен Иран Сирияда билікке қарсы толқуларды күшпен таратудан басталып, жеті жылға ұласқан азамат соғысында Асад үкіметіне қолдау көрсетіп келеді. Мәскеу 2015 жылы Сирияда әскери кампаниясын бастап, соғыстың Асадтың пайдасына қарай шешілуіне барынша көмектесіп жатыр.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Дамаск маңына шабуылды қолдады. Ол Сирия әскері бейбіт халыққа емес, «терроршыларға» шабуылдап жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Шығыс Гутадағы қақтығыстың шиеленісе бастағанына алаңдаушылық білдірген. Оның сөзінше, бұл аудандағы бейбіт тұрғындардың жағдайы «өте аянышты».

ВИДОЕ: Әуе шабуылынан ондаған адам мерт болды (06.02.2018)

Әуе шабуылынан ондаған адам мерт болды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:30 0:00

XS
SM
MD
LG