Accessibility links

Трамп Ақ үйде Флорида штатының оқушыларымен кездесті


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде Флоридада атыс болып, 17 адам қаза тапқан мектеп оқушыларымен кездесті. Оқушылар мен олардың ата-аналары бұған дейін президентті АҚШ-та қаруға бақылау жасау жүйесін реформалауды талап еткен.

Кездесуде оқушылар мен ата-аналары президентке 14 ақпан күні бұрынғы оқушы сабақ аяқталып, мектептен қайтып бара жатқан оқушыларға оқ атқанда қандай күй кешкенін баяндады. Президент оларға жауабында атыс қаруын сатып алушыларды тексеруді күшейту шараларын жасауға уәде берді. Ол мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алатын кез-келген парасатты идеяға құлақ асуға дайын екенін айтты. Президент жиында айтылған арнайы дайындықтан өткен оқытушылар мен мектептің басқа да қызметкерлеріне қару алып жүруге рұқсат беру идеясы ескеруге тұрарлық екенін жеткізді. Дональд Трамп сонымен қатар қару ұстауға қойылатын ең төменгі жас мөлшерін көтеру және психикасында ауытқуы бар адамдардың атыс қаруына ие болуының алдын алатын қосымша шаралар жасау туралы ұсыныстарды қарауға дайын екенін мәлімдеді.

«Ой-пікірлеріңізді ашық айтқандарыңызға рахмет. Бізді барлығы бақылап отыр және біз бұл проблеманың шешімін табамыз» деді Трамп оқушылар мен олардың ата-аналарына.

Флорида штатының заң шығару органы ғимаратының алдында және Ақ үйде оқушылар митингілер пен демонстрациялар өткізді.

18 ақпан күні Флорида штатындағы Лоудердейл қаласында мыңдаған адам – оқушылар мен ата-аналар шеруге шығып, биліктен қаруға бақылауды күшейтуді талап еткен. Ақпанның 14-і күні Флорида штатындағы Поркленд қаласында мектепке жасалған қарулы шабуыл салдарынан 17 адам оқққа ұшып, соншама адам жараланған. Шеруге қайғылы оқиға болған Марджори Стоунман Дуглас мектебінің ондаған оқушысы қатысқан.

Поркленд қаласындағы мектепке жасалған қарулы шабуылға күдікті – 19 жастағы Николас Круз өзгеге қиянат көрсетуге бейім оспадар мінез-құлқына қарамастан шабуыл мылтығын заңды жолмен сатып алған. 16 ақпанда АҚШ Федералдық тергеу бюросы қаңтар айында Николас Круз жаппай атыс жоспарлауы мүмкін деген ескерту хабар алғанын, бірақ агенттері оны қадағалай алмағанын мойындаған. Жергілікті полиция Круздың шабуыл алдындағы мінез-құлқынан хабардар болғаны туралы мәлімдеген. Жігіт ашу-ызаға бой алдырған кезде анасы бірнеше рет полиция шақыртқан.

ВИДЕО: Флорида мектебіндегі шабуыл (15.02.2018)

Флорида мектебіне шабуылдан 17 адам қаза тапты
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:24 0:00

XS
SM
MD
LG