Accessibility links

Қазақстан жалпы есепте 26-орында келеді


Шаңғы қоссайысынан Пхенчхан олимпиадасында алғашқы үш орынды да Германия спортшылары иеленді.
Шаңғы қоссайысынан Пхенчхан олимпиадасында алғашқы үш орынды да Германия спортшылары иеленді.

Пхенчханда өтіп жатқан қысқы олимпиадада 22 ақпан күнгі жарыстарты қоса есептегеннен кейінгі жалпы командалық есепте 13 алтын, 11 күміс, 9 қола медальмен Норвегия бірінші орында келеді.

Ал 12 алтын, 7 күміс, 5 қола медалі бар Германия екінші, 9 алтын, 5 күміс, 7 қола жүлдемен Канада үшінші орында тұр. АҚШ (7-6-6) пен Голландия (6-6-4) - үздік бестікте.

Олимпиаданы ұйымдастырып жатқан Оңтүстік Корея спортшылары 4 алтын, 3 күміс 2 қоламен жалпы есепте 9-орында келеді. Қытай (5 күміс, 2 қола) мен Ресей олимпиадалық атлеттерінде (4 күміс, 9 қола) әзірге алтын медаль жоқ. Қазақстан, Латвия, Лихтенштейн бір қоламен 26-орынды бөлісіп тұр.

Олимпиада 25 ақпанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG