Accessibility links

Тәжікстанда армияны басқару орталығы құрылды


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон (сол жақта) Қарулы күштерді басқару орталығының ашылу салтанатына қатысып отыр. Душанбе 21 ақпан 2018 жыл.
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон (сол жақта) Қарулы күштерді басқару орталығының ашылу салтанатына қатысып отыр. Душанбе 21 ақпан 2018 жыл.

Тәжікстан қарулы күштерді басқару орталығы құрылғанын жариялады. Орталықтың ашылу салтанатына Тәжікстан президенті әрі қарулы күштердің бас қолбасшысы Эмомали Рахмон қатысты деп хабарлайды тәжікстандық БАҚ.

Тәжікстан президенті баспасөз қызметінің 21 ақпанда хабарлауынша, басқару орталығы Таулы Бадахшан облысы, Соғды және Хатлон облыстары мен Рашт аймағының әкімшілік орталықтарымен байланысты. Орталық мемлекетке қандай да бір қауіп төнген жағдайда басты әскери басқару пункті болмақ.

Басқару орталығы заманауи жабық бейне конференциямен жабдықталған, сол арқылы ақпарат электрондық форматта жіберіледі.

Тәжікстанның қарулы күштері құрлықтағы әскер, ұтқыр әскер, әскери-әуе күштерінен және әуе қорғанысы күштерінен құралған.

Халықаралық стратегиялық зерттеулер ұйымының (IISS London) мәліметінше, Тәжікстан қарулы күштерінде қорғаныс министрлігі, Ұлттық гвардия, төтенше жағдайлар министрлігінің жартылай әскери құрылымдарын қоса есептегенде 8800 әскер бар. Бұл сан Орталық Азияның өзге төрт елі әскерінің санынан аз.

XS
SM
MD
LG