Accessibility links

Министр: Өзін жұмыспен қамтығандарды бақылайтын заң қабылданады


Еңбек жәрмеңкесіне жұмыс іздеп келгендер жұмыс берушілердің өкілдерімен сұхбаттасып жатыр (Көрнекі сурет).

Қазақстанда өзін жұмыспен қамтығандарды қадағалайтын заң жобасын дайындап жатыр деп хабарлады қаржы министрі Ерболат Досаевқа сілтеме жасаған Informburo.kz сайты.

Министрлік жиынында сөйлеген Досаев заң жобасын қаржы министрлігі мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бірге дайындап жатқанын айтты.

Досаевтың сөзінше, заң жобасында өзін жұмыспен қамтығандарды есепке алу үшін алдымен ынталандыру жайы қарастырылмақ.

«Кез-келген азамат, әсіресе салық төлеуге қатысы барлар көз алдымызда жүруі керек. Егер азамат конституцияда бекітілген әлеуметтік қолдау мен игіліктерді көргісі келсе, ол үшін мемлекет өміріне белсенді араласуы керек. Ең бастысы – салық төлеуі тиіс. Сондықтан біз ең маңызды мәселеге қайта оралып отырмыз» деді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, бұл заң жобасына орай кәсіпкерлікке қатысты кодексті де өзгерту керек.

Былтыр күзде еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда тексеру нәтижесінде тіркелмеген 320 мың жұмыссыз адам және 1,4 миллион «өнімсіз жұмыс істейтіндер» анықталғанын хабарлаған.

AzattyqTV

Жаңаөзеннің жазылмаған жарасы
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:41 0:00
Қайрат Досмағамбетов

Жаңаөзеннің жазылмаған жарасы

XS
SM
MD
LG