Accessibility links

Тамара Дүйсенова «Нұр Отанның» хатшысы болды


Тамара Дүйсенова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тұрған кезінде.
Тамара Дүйсенова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тұрған кезінде.

Бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Тамара Дүйсенова «Нұр Отан» партиясының хатшысы болып тағайындалды. «Нұр Отан» партиясының ресми сайтында жарияланған ақпаратқа қарағанда, Дүйсенова бұл қызметке Қазақстан президенті, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен тағайындалып отыр.

Тамара Дүйсенова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен ақпанның 9-ы күні босатылған. Сол күні президент Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген жиынында Тамара Дүйсенованы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мәселесіне қатысты сынаған еді. «Мен кем дегенде бес жыл уақыт бойы осы жайлы бірнеше рет айттым. Нақты тапсырмалар бердім. Алайда онымен ешкім айналысқан жоқ. Министр Дүйсеноваға бірнеше рет. Не болды, Тамара, әлде сен мына жұмыста шаршадың ба?", - деген еді Назарбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне.

Оқи отырыңыз: Президент "жаппай талан-тараж" жайлы айтып, үкіметті сынады

XS
SM
MD
LG