Accessibility links

Қырғызстан Жоғарғы соты журналисті өтемақы төлеуге міндеттеді


Кабай Карабеков, қырғызстандық журналист
Кабай Карабеков, қырғызстандық журналист

Қырғызстан Жоғарғы соты президент Сооронбай Жээнбековтің шағымы бойынша журналист Кабай Қарабековке шығарылған аудандық сот шешімін күшінде қалдырды. Енді Қарабеков президентке бес миллион сом (73,5 мың АҚШ доллары) төлеуі тиіс.

Сот шешіміне пікірін білдірген журналист «сот мақалада ағайынды Жээнбековтердің қайсысы туралы айтылғаны жөнінде анықтап жатпағанын» айтты.

«Мақалада оның президент екені айтылмайды. Бұл мәселе барлық инстанцияларда ашық қалды. Мұнан бөлек моральдық өтемақының көлемі жөнінде де сол күйі ашық қалды. Айлыққа күн көріп жүрген адамдарға үлкен көлемде ақша төлеуді талап етеді», - дейді Қарабеков.

Былтыр қыркүйекте сол кезде президенттіктен үміткер болған Жээнбеков өзін «радикалды араб ұйымдарымен байланысы бар» деп айыптайтын материал авторын сотқа бергенін хабарлаған. Бұл материалды «24.kg» сайтына Жогорку Кенештің экс-депутаты Кабай Карабеков жариялаған.

Ал қазан айында Бішкек қаласы Свердловский ауданының соты Сооронбай Жээнбековтің «24.kg» агенттігі мен Кабай Карабековке жазған арызын қарап, оларды Жээнбековке әрқайсысы 5 миллион сомнан (73 мың доллардан астам) өтемақы төлеуге міндеттеген.

Ал ақпанның басында Жээнбеков «24.kg» агенттігінен 5 миллион сом моральдық өтемақы талап еткен арызын қайтарып алып, осының негізінде агенттікке қарсы іс қысқартылған.

XS
SM
MD
LG