Accessibility links

Ресейде Тәжікстанның 6 азаматы «теракт жасамақ болғаны үшін» сотталды


Ресейдің Люберцы қаласындағы жолаушылар көлігі (Көрнекі сурет).
Ресейдің Люберцы қаласындағы жолаушылар көлігі (Көрнекі сурет).

Мәскеудің әскери округтік соты Тәжікстанның алты азаматын 2016 жылдың тамыз айында Люберцы қаласында жолаушылар автобусын жармақ болды деп айыптап, 12 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Сот оларды «террорлық шабуыл ұйымдастырды, террорлық ұйымға қатысты және жарылғыш затты заңсыз сақтады» деп айыптады.

Олардың төртеуі кінәсін толық, екеуі жартылай мойындаған.

Тергеушілер сот процесінде сотталушылардың «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымын жақтағанын және Сириядағы ИМ содырарына қосылмақ болғанын мәлімдеді.

Тергеу нұсқасы бойынша, сотталушылар жолаушылар көлігін жару жөнінде тапсырма алған. Олар көлікке жарылғыш зат бар шелек қойған. Бірақ жолаушылардың бірі оны байқап қалып, дер кезінде залалсыздандырған.

Ресми мәлімет бойынша, соңғы бірнеше жылда Ресей мен бұрынғы совет республикаларының мыңдаған азаматы ИМ-ге қосылу үшін Сирия мен Иракқа кеткен.

Құқық қорғаушылар Ресейде Тәжікстан мен Орталық Азияның өзге де елдерінен шыққан мигранттардың сотқа әділ тартылу құқығы жиі шектелетінін айтады.

XS
SM
MD
LG