Accessibility links

Сайрамдық бес тұрғын «терроризм» айыбымен сотталды


Оңтүстік Қазақстан облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында «терроризмді насихаттады» және «діни алауыздықты қоздырды» деген күдікке ілінген он адамның бесеуіне үкім шықты. Бұл туралы Азаттыққа Сайрам аудандық сотының судьясы Дина Тойжанова хабарлады.

«Родикул Маккомбаев, Гафуржан Парпиев, Даниер Умаров, Махмуджон Худайбергенов, Фаррух Аскаров кінәсін мойындау түрінде процессуалдық келісім жасасып, Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігімен («Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру») айыпты деп танылды. Оларға алты жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді» дейді судья.

Үкім әзірге заңды күшіне енбеген.

2017 жылдың 16 қарашасы күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы департаменті мен ішкі істер органдары бірлесіп Сайрам ауданының он тұрғынын ұстаған. Ұсталғандар Қазақстан қылмыстық кодексі 256-бабының 2-бөлігімен («Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру») және 174-баптың 1-бөлігімен («Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру») күдікті деп танылған еді.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

AzattyqTV

АҚШ және Ресей (СССР) лидерлері саммиттері
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:23 0:00
АҚШ пен Ресей

Лидерлер саммиті

XS
SM
MD
LG