Accessibility links

«СНПС-Ақтөбемұнайгаз»: Жаңажол кенішінде жұмысшы қаза тапты


Ақтөбе облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).
Ақтөбе облысының картадағы орны (Көрнекі сурет).

«СНПС –Ақтөбемұнайгаз» компаниясы Жаңажол кенішінде «оқыс оқиғадан» бір жұмысшы қаза тауып, тағы бір жұмысшы жараланғанын хабарлады.

«22 ақпан күні сағат 18:24-те Жаңажолда екі адам оқыс оқиғаға топ болды. 1964 жылы туған ер адам ауруханаға алып бара жатқанда көз жұмды. 1978 жылы туған екінші жұмысшыға жедел дәрігерлік көмек көрсетілді, денсаулығы қалыпты» делінген компанияның 23 ақпан күні таратқан ақпаратында.

Компания кеніште қандай «оқыс оқиға» болғанын ашып айтпады, тек жергілікті құзыретті органдар бұл оқиғаның себебі мен мән-жайын тексеріп жатқанын хабарлады.

Жаңажол кен орны Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы аумағында орналасқан. Кенішті «СНПС –Ақтөбемұнайгаз» компаниясы игереді.

XS
SM
MD
LG