Accessibility links

АҚШ: Шығыс Гутадағы қырғынға Ресей кінәлі


Көтерілісшілер бақылайтын Шығыс Гутаның Хамурие ауданында бомбалаудан кейін тұрғындар жараланған адамды зембілге салып әкетіп барады. Сирия, 21 ақпан 2018 жыл.
Көтерілісшілер бақылайтын Шығыс Гутаның Хамурие ауданында бомбалаудан кейін тұрғындар жараланған адамды зембілге салып әкетіп барады. Сирия, 21 ақпан 2018 жыл.

АҚШ Ресейді Сирияның Шығыс Гута аймағындағы әуе шабуылдарына байланысты сынады. Вашингтон осы айда көтерілісшілер бақылайтын Шығыс Гута аймағында бомбалаудан 400-ден астам адамның қаза тапқанына Мәскеуді кінәлады.

АҚШ Мемлекеттік департаменті Ресейді Сирия үкіметінің бейбіт тұрғындарды қыруын тоқтатуына ықпал етуге шақырды. Ал 23 ақпанның таңында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде америкалық дипломаттар ұсынған қарар жобасы дауысқа салынбақ. Жобада Гутада 30 күнге бітім орнату ұсынылған.

АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Хизер Нойерт Ресей Сирия президенті Башар Асад әскерінің Гутада қалған оппозициялық топтарға соққы беруін тоқтату шараларын жасамағанын айтты. Ресей мен Сирия үкіметінің мәліметінше, бұл кампания Алеппоны қайтарып алу операциясына ұқсас болады.

«Олар Сириядағы қырып-жоюды және қиратуды тоқтату үшін не істеп жатыр? Егер Ресей Сирия режимін қолдамағанда мұндай қырғын мен қирау болмайтын еді» деп мәлімдеді Нойерт Вашингтонда журналистерге.

Нойерт сонымен қатар Мәскеуді БҰҰ-дағы Гутаның қоршаудағы аудандарына гуманитарлық көмек жөнелтуді қарастыратын қарарға қатысты келіссөзді тоқтатуға әрекеттеніп жатыр деп айыптады.

Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Батыс елдері ұсынған қарарды жаратпай, 23 ақпанда қарарға дауыс беруде Ресей оған вето қоюы мүмкін қауіпті күшейте түсті.

XS
SM
MD
LG