Accessibility links

Ақтөбеде мұғалім туберкулезге шалдығып, 112 бала тексеріле бастады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ақтөбедегі «Дарина» тіл үйрету орталығының мұғалімі туберкулездің ашық формасымен ауырғандықтан одан дәріс алған 112 оқушы медициналық тексеруден өте бастады. Орталық жетекшісі Ирина Аверьянованың сөзіне қарағанда, ағылшын тілі мұғалімінің туберкулезбен ауыратыны 14 ақпан күні белгілі болған.

- Сырқаттанып қалған қызметкеріміз 2 ақпаннан бастап жұмысқа шыққан жоқ. Алғашында өкпесі қабынған деп жүргенбіз. Диагнозы белгілі болғаннан кейін мамандар орталық ғимаратын тексеріп, инфекция ошағын таппады. 16 ақпан күні ғимарат толық залалсыздандырылды, - деді «Дарина» тіл үйрету орталығының жетекшісі Ирина Аверьянова бүгін өз наразылықтарын айта барған бір топ ата-анаға.

Ақтөбедегі ірі оқу орталықтарының бірі «Даринаның» облыс орталығында үш бөлімшесі бар. Туберкулездің ашық формасымен ауырған мұғалім «Болашақ» ықшам ауданындағы бөлімшеде қызмет еткен.

XS
SM
MD
LG