Accessibility links

Ермек Тұрсынов - Қазақстан кинематографистер одағы басшысы


Кинорежиссер Ермек Тұрсынов Азаттықтың Алматыдағы бюросында. 13 наурыз 2015 жыл
Кинорежиссер Ермек Тұрсынов Азаттықтың Алматыдағы бюросында. 13 наурыз 2015 жыл

Қазақстандық кинорежиссер, сценарист әрі жазушы Ермек Тұрсынов бүгін Қазақстан кинематографистер одағының кезекті съезінде осы ұйымның жетекшісі болып сайланған. Tengrinews сайтына берген сұхбатында Тұрсынов осы съезде "106 адамға жуығы дауыс" бергені туралы мәлімдеген. Бірақ бұл жиында дауыс бергендердің жалпы саны ма, жоқ әлде оның кандидатурасына қолдау білдіргендер ме – ол жағын нақтыламаған.

Ермек Тұрсынов түсірген "Келін" (2008) көркем фильмі АҚШ киноакадемиясының "Оскар" сыйлығына "Үздік шетелдік фильм" номинациясы бойынша үміткерлер тізіміне енген. Қазақстанда бұл фильмды қатты сынға алған "дәстүрлі құндылықтарды" жақтайтындар Тұрсыновты "анайы" туындысы үшін айыптаған.

Оның "Шал" (2012) картинасы Қазақстанда жыл фильмі деп танылып, "Құлагер" ұлттық сыйлығын иеленген.

Ермек Тұрсынов "Мәмлүк" романы, публицистика жанрындағы "Мелочи жизни", "Жыли-были" кітаптары мен басқа да шығармалардың авторы ретінде танымал.

Бұған дейін режиссерлер Ахат Ибраев пен Сләмбек Тәуекел 2016 жылдан бері Қазақстан кинематографистер одағының теңтөрағасы болды. Бүгінгі съезде одақ төрағалығына Тұрсыновпен бірге Сләмбек Тәуекел мен Ғали Мырзашевтың кандидатуралары да ұсынылған.

XS
SM
MD
LG