Accessibility links

БАҚ: Мәскеу түбінде өлі табылған үшеу қазақстандықтар болуы мүмкін


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Мәскеу түбіндегі Чехов ауданында жүк көлігінен өлі табылған үш адам қазақстандықтар болуы ықтимал деп хабарлады РБК сайты.

"Алдын ала ақпарат бойынша, Новоселка елді мекені ауданында жүк көлігінен жас шамалары 35-40 аралығындағы үш ер адам өлі табылған. Алдын ала болжам бойынша, олар Қазақстан тұрғындары болуы мүмкін", - деген басылымға аты-жөнін атамаған адам.

Оның сөзінше жүк көлігінен өлген үш адаммен бірге газ жанарғысы мен спирттік ішімдіктердің бос шөлмектері табылған.

Ресей тергеу комиметінің Мәскеу облыстық бас басқармасы баспасөз қызметі "Интерфакс" агенттігіне қазаға ұшыраған үш адам туралы ақпаратты растап, олардың бірінің аты-жөні анықталғанын және бұл оқиға бойынша тергеуге дейінгі тексеру басталғанын хабарлаған. Басқарма өкілінің айтуынша, үш адамның ажалына "оқыс жағдай себеп болған" деген алдын ала болжам бар.

XS
SM
MD
LG