Accessibility links

Астананың тергеу абақтысынан тұтқын қашып кеткен


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Бүгін Астана қаласындағы тергеу абақтысы ауласынан бірнеше мәрте сотталған тұтқын қашып кеткен. Бұл туралы Қазақстан ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару комитеті баспасөз қызметіне сілтеме "Қазақпарат" агенттігі хабарлады.

Ресми дерек бойынша, бұған дейін ұрлық және тонау қылмыстарына байланысты сотталған Қарағанды облысының тумасы, 36 жастағы азамат Е.А. тергеу абақтысының жалғыз қабатты ғимаратына жапсарлас орналасқан тұтқындарды серуенге шығаратын ауладан әуелі шатырға шығып, одан ары екі қоршаудан өтіп қашып кеткен.

Қазір құқық органдары қашқынды іздестіріп жатыр.

XS
SM
MD
LG