Accessibility links

Бішкек: «Конституцияға қарсы қызметі» үшін ізделген адам ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстанның Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) ТМД елдерінің бірінде «конституцияға қарсы және деструктивті қызметі» үшін іздеуде жүрген шетелдіктің ұсталғанын хабарлады.

Комитет баспасөз қызметінің хабарлауынша, 44 жастағы, аты-жөні аталмаған ер адам 13 ақпан күні Қырғызстан аумағына заңсыз кіру каналдарын жою мақсатында терроризмге қарсы жүргізілген және жедел іздестіру шаралары барысында ұсталған.

МҰҚК мәліметі бойынша, күдікті тиісті елдің құзырлы органдарына ары қарай жауапқа тарту үшін берілген. Комитет ұсталған адамның қай елдің азаматы екенін айтпайды.

XS
SM
MD
LG