Accessibility links

Алматы облысында ондаған ауланы су басты


Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Дәулет ауылындағы су басқан көше мен аулалар. 26 ақпан 2018 жыл.
Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Дәулет ауылындағы су басқан көше мен аулалар. 26 ақпан 2018 жыл.

Алматы облысында еріген қар суы басқан аулалар саны өткен аптадан бері 130-ға жетті деп хабарлады 26 ақпанда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Іле, Қарасай және Талғар аудандары мен Талдықорған маңындағы үйлер мен аулаларды су басқан. Жергілікті ақпараттық сайттардың хабарлауынша, Алматы шетіндегі Момышұлы көшесін де еріген қар суы басты. Куәгерлер бұл жайлы видеоарын әлеуметтік желілерде жариялады.

Талғар ауданы әкімдігі тұрғын үй коммуниалдық бөлімінің басшысы Салават Казиевтің Азаттыққа айтуынша, аудан бойынша 24 қаңтардан бері тоғыз үйдің ауласын су басқан. Оның төртеуінен су сорылып шығарылған, қалған бесеуінде су әлі тұр.

Билік ауа-райы күрт жылынып, қардың тез еруінен және жерге тоң түскенінен су басқанын айтады. Бұған жерасты арналар жүйесінің жоқтығы немесе барының бітеліп қалуы да әсер етіп отыр.

ТЖД мәліметінше, 24 ақпан күні қардың еруінен 14 аула мен көшені, 64 қора-қопсыны су басқан.

Былтыр көктемгі су тасқынынан Қазақстанның бірнеше облысындағы ондаған елді мекенді су басқан.

XS
SM
MD
LG