Accessibility links

Астанадағы тергеу абақтысынан қашқан тұтқын ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Астанада тергеу абақтысынан қашып кеткен сотталушы Қарағанды облысында ұсталды деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

«Құқық қорғау органдары сотталушы Е. Арғымбаевты бір тәуліктен астам уақыт іздеді. Ұсталған кезде сотталушы қарсылық көрсетпеді» деген ІІМ баспасөз қызметінде.

Сотталушы Қарағанды облысының Нұра ауданында жеңіл көлікте жолаушы ретінде кетіп бара жатқанда ұсталған.

Бұған дейін ұрлық және тонау қылмыстарына қатысты сотталған Қарағанды облысының тумасы, 36 жастағы азамат Е.А рғымбаев 25 ақпан күні Астанада тергеу абақтысынан қашып кеткен еді. Ресми мәлімет бойынша, ол абақтының жалғыз қабатты ғимаратына жапсарлас орналасқан тұтқындарды серуенге шығаратын ауладан әуелі шатырға шығып, одан ары екі қоршаудан өтіп қашып кеткен.

Абақтыдан қашып кеткені үшін Қылмыстық кодекстің 426-бабы бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

XS
SM
MD
LG