Accessibility links

Трамп: Пхеньян тиісті шарттарды орындаса, келіссөзге дайынбыз


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Пхеньянмен келіссөз жүргізуге дайын екенін, бірақ ол үшін тиісті шарттар орындалуы тиіс екенін мәлімдеді.

Ақ үйде штат губернаторларымен кездесуде сөйлеген Трамп Вашингтонның Қытай билігіне жасаған үндеулері нәтижесінде Пекин Солтүстік Корея мәселесін шешуге бұрынғыдан да көп күш сала бастағанын айтты.

Вашингтон Солтүстік Кореяның ядролық қару және зымыран жасау бағдарламаларын тоқтатуы үшін Пхеньянға қысымды күшейтіп жатыр. Трамп Пхеньянға салынған санкцияларға қарамастан, Солтүстік Кореяға Ресейден тауар әлі де көп келетінін айтты.

АҚШ президенті Солтүстік Кореямен келіссөз жүргізудің жайы жөнінде әдеттегідей «Не болатынын көрерміз» деген ғана пікір білдірді.

Дональд Трамп бұған дейін Вашингтон Пхеньянмен келіссөз жүргізу үшін Солтүстік Корея ядролық қару мен зымыран жасау бағдарламаларын доғаратын қадамдарды талқылауға дайын болуы тиіс екенін бірнеше рет мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG