Accessibility links

27 ақпан күні Шымкенттегі Жайлау шағын ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде газдан сегіз адам уланып қалды.Оңтүстік Қазақстан облыстық ауруханасының жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығы токсикология бөлімшесінің меңгерушісі Асылхан Мыңбосыновтың Азаттыққа айтуынша, сегіз адам орталыққа жеткізілген.

- Уланған сегіз адамның бесеуі - балалар. Төрт адамның жағдайы орташа ауыр болғандықтан емдеуге алып қалдық. Қалғанын үйіне қайтардық, - дейді бөлім меңгерушісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Зарипа Абдуллақызы Азаттыққа сегіз адамның газдан уланғанын растады. Оның сөзінше, уланған адамдарға дер кезінде көмек көрсетілген.

Оқи отырыңыз: Жылыту маусымында газдан уланғандар көбейді

Ресми мәлімет бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысында қаңтардың басынан бері газдан уланып жеті адам қайтыс болған. Өткен жылы аймақта 23 адам иіс тиіп көз жұмған. Мамандар қайғылы оқиғаға қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы себеп болатынын айтады.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

AzattyqTV

Денис Тен өліміне қатысы екі күдікті ұсталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:09 0:00
XS
SM
MD
LG