Байқоңырда еріген қар суы мен жаңбырдан бірнеше көше мен екі ықшам ауданды су басты. Қала әкімшілігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа қарағанда, Авиационная, Максимова, Советская көшелері мен Королев және Гагарин даңғылдарын, 6А және 7 ықшам аудандарында үйлердің аулаларын, жолдарды су басқан.
27 ақпан күні және 28 ақпанға қараған түні «Жилищное хозяйство» және «Горводоканал» кәсіпорындарының қызметкерлері аталған көшелер мен ықшам аудандардан суды сорғызып шығарған.
Су басу салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.