Accessibility links

ХОК Ресейге салынған шектеулерді алды


ХОК және Ресей туы.
ХОК және Ресей туы.

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Ресейге салынған шектеулерді алып, елдің ұлттық олимпиада комитетіне статусын қайтарды. Бұл туралы ХОК Азаттыққа хабарлады.

ХОК-тың хабарлауынша, "Пхенчхан олимпиадасына қатысқан ресейлік спортшылардың допинг сынамаларының басым бөлігі таза. Сондықтан Ресей Ұлттық олимпиада комитетіне салынған шектеулер алынды".

Осы шешімнен кейін Ресей Ұлттық олимпиада комитеті ХОК қатарына қайта оралды.

Оқи отырыңыз: Ресей туы бар суретке “лайк” басуға болмайды

ХОК Ресейді Сочи олимпиадасы кезінде допинг саясатын мемлекеттік деңгейде қолдады деп айыптап, Пхенчхан олимпиадасынан шектеген. Ресейлік спортшылар Оңтүстік Кореядағы олимпиадаға ХОК туының астында бейтарап спортшы ретінде қатысқан.

XS
SM
MD
LG