Accessibility links

Словакияда журналист қазасынан соң мәдениет министрі отставкаға кетті


Қастандықтан қаза тапқан журналист Ян Куцьяктің портреті астында жағылған шамдар. Братислава, 26 ақпан 2018 жыл.
Қастандықтан қаза тапқан журналист Ян Куцьяктің портреті астында жағылған шамдар. Братислава, 26 ақпан 2018 жыл.

Словакияда журналист Ян Куцьяктың өлімінен соң мәдениет министрі Марек Мадьярич, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Вилиам Ясань және премьер-министрдің көмекшісі Мария Трошкова отставкаға кетті.

Мерек Мадьярич мұндай қанды оқиғадан соң «министр орындығында отыра алмайтынын» мәлімдеді.

Ян Куцьяк Aktuality.sk сайты редакциясында жұмыс істеген. Жемқорлық және ұйымдасқан қылмысты зерттеу жөніндегі халықаралық орталықпен (OCCRP) бірге жұмыс істеген ол словак саясаткерлерінің италиялық мафиямен ықтимал байланысын зерттеген. Куцьяктың 9 ақпанда жарияланған соңғы мақаласы Братиславадағы элиталы тұрғын үйлерге байланысты салық қитұрқылықтары туралы болған еді.

Журналисті 25 ақпанда белгісіз біреулер атып кетті. Полиция оның өлімін журналистік қызметімен байланыстырып отыр. Словакияда бұрын-соңды журналиске мұндай қастандық жасалған емес деп мәлімдеді полиция өкілі.

Словак оппозициясы журналист қазасына байланыстыішкі істер министрі Роберт Калиняк пен полиция басшысы Тибор Гашпардың отставкаға кетуін талап етіп жатыр.

XS
SM
MD
LG