Accessibility links

Қырғызстанда "экстремистік ұйымның екі мүшесі" ұсталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстанның Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) елде Орталық Азия елдерінің бірінің екі азаматы "тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның мүшесі" деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

МҰҚК мәліметі бойынша, олар өз елінде қылмыстық қудалаудан бой тасалап Қырғызстан аумағына келген. Олар мұнда орнығып, экстремистік идеологияны насихаттамақ болған делінеді.

Ұсталғандар тиісті елдің құзырлы органдарына ары қарай жауапқа тарту үшін берілген.

Бұған дейін МҰҚК ТМД елдерінің бірінде "конституцияға қарсы және деструктивтік әрекетіне бола" іздеуде жүрген шетел азаматының ұсталғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG