Accessibility links

БАҚ: "Талибан" Ашраф Ғанидің ұсынысын салқын қабылдады


Кабул процесі конференциясына қатысушы елдер мен ұйымдардың өкілдері. Кабул, 28 ақпан 2018 жыл.

Ауғандық талибтер Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидің "Талибан" қозғалысын заңды саяси ұйым деп тануға және оны бітімге шақырған ұсынысын салқын қабылдады.

Ашраф Ғани 28 ақпанда Кабулда өткен Кабул процесі деп аталатын халықаралық конференцияда "Талибан" бітім жасасса оны заңды саяси ұйым деп тануды, тұтқындағы талибтерді босатуды және санкцияларды жоюды ұсынған.

Бір күндік конференцияның қорытындысында оған қатысқан мемлекеттер мен ұйымдардың басшылары бірлескен мәлімдеме қабылдаған. Мәлімдемеде талибтерді Ауғанстан билігі бастаған бейбіт келіссөзге қосылуға және мақсатына Кабулдағы үкіметпен тікелей келіссөз арқылы қол жеткізуге үндейді.

"Бейбіт келісім барлық тарапқа бірдей жеңіс әпереді және одан ешкім ұтылмайды" делінген мәлімдемеде. БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясы Ғанидің ұсынысын қоштап, "Ауғанстанның өз ішінде диалог құру арқылы бейбітшілік орнату идеясын берік қолдайтынын" мәлімдеді.

Конференцияға шақырылған Талибан өкілдері Ғанидің ұсынысына бірден реакция білдірмеді. Бірақ Талибан өкілі Reuters агенттігіне аты-жөнін атамай, ұйымның жоғарғы басшылығы ұсынысқа ойланып көретінін айтты.

28 ақпан күні бұдан кейінірек DPA агенттігі Талибан сайттарының бірінде мәлімдеме жарияланды. Онда Ауғанстан президентінің ұсыныстары салқынқанды қабылданған. Мәлімдемеде "елде шетелдік қарулы күштер тұрғанда келіссөзден нәтиже шықпайтыны" айтылған.

AzattyqTV

"Негативті емес, позитивті түсіріңдер!"
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:41 0:00
XS
SM
MD
LG