Accessibility links

Стойлов - Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері


Станимир Стойлов.
Станимир Стойлов.

Болгариялық маман Станимир Стойлов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрама жаттықтырушысын 1 наурызда Астанада өткен жиында таныстырды.

Станимир Стойлов 2014 жылдан бері "Астана" футбол командасын жаттықтырды. Стойлов жаттықтырған кезде "Астана" футболшылары 2014-2017 жылдары төрт рет қатарынан Қазақстан чемпионы атанды. 2015 жылы Еуропа чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнады.

Ал Қазақстан құрамасын бұған дейін ресейлік маман Александр Бородюк жаттықтырған. Бородюк жаттықтырған Қазақстан құрамасы 2018 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу жарысында 10 матч өткізіп, тек үш ойында тең түскен. ҚФФ "төмен нәтижеге байанысты" Бюродюкпен келісім-шартты үзген.

XS
SM
MD
LG