Accessibility links

Путин Федералдық кеңесте жолдау жасайды


Владимир Путин, Ресей президенті.
Владимир Путин, Ресей президенті.

Ресей президенті Владимир Путин 1 наурызда Федералдық кеңесте 14 дәстүрлі жолдауын жасайды. Бұл жолы Путин жолдауын қалыптасқан дәстүр бойынша желтоқсанда емес, наурызда және Кремльдің Георгиевский залында емес, Үлкен Манежде жасайды. Путин президент қызметінде осымен 14 рет жолдау жасағалы тұр.

Бұған дейін БАҚ 18 наурыздағы президент сайлауына түсетін Путин жолдауын бұрынғыдай саяси элитаға емес, бүкіл ел азаматтарына арнайтынын хабарлаған. Бұдан өзге, жолдаудың басым бөлігі Путиннің былтырғы жылғы басқаруын қорытындылауға емес, керісінше, алдағы бес-алты жылдағы басқару қалай болатынына арналмақ. Бұдан бұрын президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков жолдаудағы келешекке қатысты айтылатын болжамдар Путиннің сайлауалды бағдарламасымен ұқсас екенін мәлімдеген.

Ресейде Федерация кеңесі мүшелері мен депутаттар алдында алғаш болып 1994 жылы сол кездегі президент Борис Ельцин жолдау жасаған.

XS
SM
MD
LG