Accessibility links

ExxonMobil санкциядан Ресейдегі кейбір жобаларын тоқтатады


"Роснефть" басшысы Игорь Сечин ExxonMobil компаниясының Охот теңізіндегі бұрғылау платформасында тұр.

Америкалық ExxonMobil компаниясы ресейлік "Роснефть" компаниясымен бірлескен геологиялық барлау жобаларын тоқтатты. Компания Батыс елдері Ресейге санкция салғанға дейін бірлескен жобаларын инвестициялық тұрғыдан келешегі ең зор жобалар деп санаған еді.

АҚШ-та Барак Обама президент болған соң ұзамай ExxonMobil "Роснефть" компаниясының келісімімен Арктика мен басқа да аймақтарда терең судағы кен орындарын барлауға үш миллиард доллардан астам қаржы салған. Ресей Қырымды аннексиялап алып, Украина шығысындағы қақтығысқа киліккеннен кейін санкциялар салынған соң екі компанияның бірлесе жұмыс істеуі қиындаған. ExxonMobil бірлескен жобаларды тоқтату туралы шешімін былтыр-ақ қабылдаған. Бірлескен жобалардың тоқтатылуынан екі компания 200 миллион доллардан астам қаржы шығынға ұшырады.

Обама әкімшілігіндегі энергетика мәселелері бойынша жетекші маман Дэвид Голдвиннің мәлімдеуінше, ExxonMobil "санкциялар таяу жылдары жойылып, я жұмсармайды, сондықтан Ресеймен бизнес жасау АҚШ саяси ортасында қатты қарсылық тудырады" деген тоқтамға келген. Ол компания басшылығы осыған байланысты "шектеу қойылған кез-келген іскерлік байланыстан аулақ болғанды жөн деп тапқанын" айтады.

Дегенмен, санкция режимі "Роснефть" мен ExxonMobil-дің басқа бағыттарда бірлесе жұмыс істеуіне кедергі келтірмейді. Мысалы, ExxonMobil Сахалинде ширек ғасырға жуық уақыт игеріп жатқан газ кенішінде қос компания бірге жұмыс істейді.

AzattyqTV

Денис Тен өліміне қатысы екі күдікті ұсталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:09 0:00
XS
SM
MD
LG