Accessibility links

Путиннің жолдауында "ядролық зымырандар" көрсетілді


Ресей президенті Владимир Путин Федералдық кеңесте жолдауын оқып тұр. Мәскеу, 1 наурыз 2018 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин Федералдық кеңесте жолдауын оқып тұр. Мәскеу, 1 наурыз 2018 жыл.

Ресей АҚШ-тың зымыраннан қорғаныс жүйесін дамытуына қарымта ретінде жаңа ядролық зымырандарды қарулы күштер сапына қосады. Бұл жайында 1 наурызда Ресей президенті Владимир Путин Федералдық кеңесте жасаған жолдауында айтты.

Путин бұл жайлы сөйлеп тұрғанда құрлықаралық жаңа "Сармат" зымыраны бейнеленген видео мен зымырандарды Жер шары моделін айналдыра бірнеше траекторияда ататын компьютерлік ролик көрсетілді.

Путин америкалық зымыраннан қорғаныс жүйесінің күшейтілгеніне байланысты ресейлік баллистикалық зымырандар оны айналып өтетін жүйемен жабдықталатынын айтты. Президент бұған қоса қанатты зымыран мен сүңгуір қайықтар платформасында әрекет ететін баллистикалық емес ядролық кешендердің жасалып жатқанын және олардың таяу уақытта қарулы күштер сапына қосылатынын мәлімдеді. Оның сөзінше, қанатты зымырандар ядролық энергетикалық қондырғымен жабдықталады.

"Америкалық зымыраннан және әуе шабуылынан қорғаныс жүйесіне жаңа ресейлік қару-жарақтарды тойтару оңай болмайды. Бізді ешкім тыңдамайтын. Енді тыңдаңыздар" деп мәлімдеді Путин. Оның сөзінше, АҚШ Ресеймен зымыраннан қорғаныс туралы келіссөзден "бір жақты түрде" бас тартқан.

XS
SM
MD
LG