Accessibility links

Маңғыстау облысында жол апатынан жеті адам қаза тапты


Маңғыстау облысының картадағы орны (Көрнекі сурет)
Маңғыстау облысының картадағы орны (Көрнекі сурет)

Маңғыстау облысында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, жеті адам қаза тапты деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментіне (ІІД) сілтеген жергілікті Lada.kz ақпараттық порталы.

Департамент ақпаратына қарағанда, жол апаты 1 наурыз күні сағат 04:30 кезінде Ақтау – Бейнеу жолының бойында, Сайөтес ауылының тұсында болған. Lada Largus жеңіл көлігі Shacman маркалы жүк көлігімен соқтығысып, жеңіл көліктің жүргізушісі мен ішіндегі алты жолаушы оқиға орнында көз жұмған. Жеңіл көлік соқтығысқан соң өртеніп кеткен.

Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрігінің хабарлауынша, жол апатында қаза тапқандардың алтауы – Өзбекстан азаматтары. Қаза тапқандардың аты-жөні анықталып жатыр.

Қайғылы оқиға бойынша «көлік құралын басқарған адамның жол ережесін немесе көлік құралын пайдалану ережесін бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстанның батыс өңірінде жыл басынан бері осымен үшінші рет Өзбекстан азаматтары жол апатына ұшырап отыр. 18 қаңтар күні Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде жолаушылар автобусы өртеніп, Өзбекстанның 52 азаматы қаза тапқан. Автобуста барлығы 57 адам – 54 жолаушы мен екі жүргізуші болған. Екі жолаушы мен үш жүргізуші аман қалған.

Оқи отырыңыз: Комиссия: Өрт құрбандарының кім екенін анықтау қиын

25 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысында тіркелген Mercedes маркалы автобус Ресейден келе жатқанда жүргізуші рөлге ие бола алмай, автобус жыраға түсіп кетіп, аударылған. Салдарынан автобуста болған Өзбекстанның жеті азаматы түрлі жарақат алған. Ресми мәлімет бойынша, автобуста 25 жолаушы болған.

XS
SM
MD
LG