Accessibility links

Пучдемон Каталония басшысы қызметінен бас тартты


Карлес Пучдемон, Каталония аймағының бұрынғы басшысы.
Карлес Пучдемон, Каталония аймағының бұрынғы басшысы.

Каталония үкіметінің бұрынғы басшысы Карлес Пучдемон аймақты кезекті рет басқарудан бас тартты. Бұл жөнінде ол Брюссельден жасаған бейне үндеуінде мәлімдеді. Пучдемон Каталония тәуелсіздігін жақтайтын өзге адам – Жорди Санчесті қолдауға шақырды. Санчес қазір түрмеде отыр. Оған бүлік шығарды деген айып тағылған.

Былтыр 21 желтоқсанда мерзімінен бұрын өткен парламент сайлауында Пучдемон бастаған аймақ тәуелсіздігін жақтайтындар жеңген. Ол Бельгияда жасырынып жүргендіктен, қайтадан сайлануы қиын.

Егер Каталонияның бұрынғы басшысы Испанияға қайтып оралса, тұтқындалады. Заң бойынша, Каталония үкіметі басшылығына кандидат дауыс берудің алғашқы кезеңі басталар алдында парламентке келуі тиіс. Ол парламентте өзінің бағдарламасын таныстырып, дебатқа қатысуы шарт. Дауыс беруге қашықтан бейне байланыс арқылы қатысуға болмайды.

Каталонияда мерзімінен бұрын парламент сайлауы былтыр қазан айында референдум қорытындысы бойынша аймақ тәуелсіздігі жариялағаннан кейін өткізілген. Мадрид дауыс берудің қорытындысын заңсыз деп танып, аймақта тіке басқару орнатқан.

XS
SM
MD
LG