Accessibility links

Маңғыстау облысында қаза тапқан Өзбекстан азаматтары тізімі жарияланды


Жол апатына ұшыраған көлік (Көрнекі сурет).
Жол апатына ұшыраған көлік (Көрнекі сурет).

Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) Қазақстанның Маңғыстау облысы аумағында жол апатынан қаза тапқан Өзбекстан азаматтарының ықтимал аты-жөндерін жариялады.

Жол апаты 1 наурыз күні таңға жуық Ақтау – Бейнеу жолында Сайөтес ауылының маңында болған. Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің мәліметінше, Lada Largus жеңіл көлігі мен Shacman маркалы жүк көлігі соқтығысып, жеңіл көлікте болған жеті адам түгел қаза тапқан. Полиция жол апаты бойынша «жол ережесін немесе көлік құралын пайдалану ережесін бұзу» бабымен тергеу бастаған.

Өзбекстан ТЖМ жол апатынан жеңіл көлік өртеніп, арасында Өзбекстанның алты азаматы бар, барлығы жеті адам оқиға орнында қаза тапқанын хабарлады. Министрлік бұл жол апатына қатысты ақпарат алу үшін «шұғыл желі» ашылғанын айтады.

XS
SM
MD
LG