Accessibility links

АҚШ Мемлекеттік департаменті Украинаға қорғаныс қаруын беруді қолдады


Танкіге қарсы қолданылатын Javelin зымыраны.

АҚШ Мемлекеттік департаменті Украинаға 47 миллион долларға танкіге қарсы атылатын Javelin зымырандары мен оны іске қосу қондырғыларын сату туралы келісімді мақұлдады.

«Javenin жүйесі Украинаның ұзақ мерзімдік қорғаныс әлеуетін күшейтуге, егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтауға көмектеседі. Сатылатын қару-жарақ пен оған қажетті құралдар аймақтағы әскери тепе-теңдікке қауіп төндірмейді» деп мәлімдеді АҚШ Қорғаныс министрлігі 1 наурызда.

Былтыр желтоқсанда Вашингтон Ресейдің қарсылығына қарамастан Украинаға ресейшіл сепаратистермен соғыста қолдау көрсету үшін қорғаныс қаруын беруге шешім қабылдаған.

Қорғаныс қауіпсіздігі ынтымақтастығы агенттігі Украинаның 210 Javelin зымыраны мен 35 іске қосу қондырғысын және оның қосалқы бөлшектерін сұрағанын хабарлады. Келісім құнына зымыран мен оның қондырғыларын жеткізіп беру, оны қолдануды үйрету, техникалық көмек көрсету және басқа да логистикалық қызметтер кіреды.

Украина мен АҚШ шенеуніктері бұған дейін келісімді Мемлекеттік департамент мақұлдайды деп күтіп отырғанын мәлімдеген. Пентагонның хабарлауынша, заң бойынша,келісім Мемлекеттік департаменттің мақұлдауынан өтуі тиіс болғанымен, онымен келісім күшіне ене қоймайды.

28 ақпанда Украина президенті Петр Порошенко қару-жарақтың алғашқы бөлігі АҚШ-тан бірер аптада жеткізіледі деп күтіп отырғанын хабарлаған.

«Қару-жарақтың алғашқылары бірнеше аптада жеткізіледі. Біз снайперге қарсы құрал-жабдықтардан бастап бірнеше қару-жарақ түрін жеткізу жайлы сөйлесіп жатырмыз. Себебі Украина сарбаздарының көбі ресейлік снайперлер қолынан оққа ұшып жатыр» деген Порошенко. Ол келісім құпия болғандықтан сатып алынатын қару-жарақтар туралы егжей-тегжейлі айтудан бас тартқан.

Украина шығысында 2014 жылдың сәуірінен бері үкімет күштері мен Ресей қолдайтын сепаратистер арасындағы қарулы қақтығыстан 10300-ден астам адам қаза тапты.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Көшпенділер ойынына асық шабандоз қыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00
XS
SM
MD
LG