Accessibility links

Атыраудағы жатақхана өрті құрбандарының саны артты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Атырау облысында Қарабатан газ турбиналы электр станциясы аумағындағы жатақхана өртінен қаза тапқандар саны алты адамға жетті деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті (ТЖК).

Комитет ақпараты бойынша, контейнерден тұрғызылған жатақханадағы өрт 2 наурыз күні таңертеңгі сағат 8:41-де шыққан. Өрт тұтанғанда жатақханада түнгі ауысымда жұмыс істейтін 20 шақты адам болған. Өрт сағат 10:45-те сөндірілген. Әуелде өрт орнынан төрт адамның мәйіті табылғаны хабарланған еді. Төрт адамды күйік шалып, Атыраудағы облыстық ауруханаға жеткізілген.

Ресми мәлімет бойынша, аумағы 500 шаршы метр жер өртенген. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.

Қарабатан вахталық қалашығы Қызылқоға ауданының аумағында орналасқан. Қарабатандағы жатақханада вахталық жұмыста істейтіндер тұрады.

XS
SM
MD
LG