Accessibility links

ОҚО-да мектеп және балабақшаның 92 қызметкері істі болды


Фердауси атындағы жалпы орта мектебінің қақпасы. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Фердауси ауылы (Көрнекі сурет).

Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) 97 мектеп және балабақша қызметкерінің үстінен іс қозғалып, сотқа жеткен. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиналыста Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ОҚО облыстық департаментінің басқарма басшысы Айдар Тастеміров айтты.

Тастеміровтың мәліметінше, 2018 жылдың екі айында сыбайлас жемқорлыққа байланысты екі мектеп директорының үстінен қылмыстық іс қозғалған. 2017 жылы 157 шағым түсіп, оның 92-сі сотқа жолданған.

-Жемқорлық облыстағы білім ошақтарымен бірге балабақшаны да жайлаған. Мысалы, «Балапан» бағдарламасы бойынша жемқорлыққа жол берілгені үшін 40 адам жауапқа тартылды, - дейді ол.

Білім саласындағы жемқорлықты облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов та жоққа шығармайды. Оның сөзінше, сыбайлас жемқорлық көп жағдайда ҰБТ кезінде және мектеп не балабақшаға жұмысқа қабылдар кезде болады.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

AzatNews 22.05.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:35 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG