Accessibility links

Армения президенті болып Армен Саркисян сайланды


Армен Саркисян, Арменияның жаңа сайланған президенті.
Армен Саркисян, Арменияның жаңа сайланған президенті.

Армения парламенті 2 наурызда іс басындағы Республикалық партия кандидаты, бұрынғы премьер-министр Армен Саркисянді елдің төртінші президенті етіп сайлады. Оның кандидатурасын 90 депутат қолдап, 10 депутат қарсы дауыс берді.

"Бұрынғы президенттің басқару мерізімі аяқталып, жаңа сайлау кезі келгенде парламент арнайы жиын жасайды. Республиканың жаңа президенті осы жиында қызметіне кіріседі", - деді Армения парламентінің төрағасы Ара Баблоян.

Бұған дейін Арменияның Ұлыбританиядағы елшісі болған Армен Саркисян өкілеттік мерзімі 9 сәуірде аяқталатын президент Серж Саргсяннің орнына сайланып отыр. Оппозиция жетекшілері Серж Саргсян президенттік қызметінен босағанымен, премьер-министр қызметін иеленіп, биліктегі ықпалын сақтап қалады деп болжайды. Республикалық партия Армен Саркисяннің кандидатурасын 19 қаңтарда ұсынған.

2015 жылы өткен референдумға сәйкес, Армения президенттік басқарудан жартылай парламенттік басқару жүйесіне көшкен. Соның негізінде президентті жеті жылдық мерізімге халық емес, парламент сайлайды.

Азаттықтың Армян редакциясының хабарлауынша, жаңа сайланған президент өз сөзінде барлық күш-жігерін "Армения мемлекеті мен халқына қызмет етуге жұмсайтынын" айтты.

Серж Саргсян 2008 жылдан бері Армения президенті қызметін атқарған.

XS
SM
MD
LG