Accessibility links

Трамп Ресейге салынған санкция мерзімін бір жылға ұзартты


АҚШ президенті Дональд Трамп (сол жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Дананг, Вьетнам, 10 қараша 2017жыл

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге Украинаның шығысындағы қарулы жанжалға араласқаны үшін салынған санкция мерзімін бір жылға ұзартты. Жұма күні Ақ үй баспасөз қызметі таратқан ресми ақпаратта "Қырымды аннексиялап, Украинада күш қолданып отырған Ресей билігінің мақсатты іс-әрекеті мен жүргізіп отырған саясаты Украинадағы демократиялық процестер мен институттарға зиян келтіріп, ол елдің қауіпсіздігіне, тұрақтылығы мен егемендігіне және территориялық тұтастығына қатер төндіріп отырғаны" айтылған.

Ресейге қарсы санкциялардың алғашқы бөлігі 2014 жылғы наурыздың 6-сы күні АҚШ-тың сол кездегі президенті Барак Обаманың бұйрығымен енгізілген. Ақ үй басшысына "АҚШ ұлттық қауіпсіздігі мен сыртқы саясатына әдеттен тыс немесе төтенше қатер төнуіне" байланысты қажетті шаралар қабылдауға құқық беретін "Халықаралық төтенше жағдай туралы акт" негізінде қабылдаған өкімінде Обама Ресейдің Украинадағы жағдайға араласуын және Қырымды күшпен басып алуын Вашингтон "ұлттық көлемдегі төтенше жағдай" деп бағалайтыны туралы мәлімдеген. 2014 жылы Барак Обама Украинадағы жағдайға байланысты тағы үш шешімге қол қойған деп хабарлайды "Америка дауысы".

Жұма күні Ресейге қарсы санкция мерзімін 2019 жылғы наурыздың 6-сына дейін ұзартқан президент Трамп Ресей билігінің Украинаға қатысты "іс-әрекеті мен саясаты" бұрынғысынша "АҚШ ұлттық қауіпсіздігі мен сыртқы саясатына төтенше қатер төндіреді" деп бағаланатынын атап көрсеткен.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

AzatNews 16.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:38 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG