Accessibility links

Омбудсмен: Тараз түрмесінде қырғызстандық аузын тігіп тастаған


Қырғызстан азаматы Эркинбек Тентемишев

Қазақстанның Тараз қаласындағы 158/4 қамау мекемесінде жазасын өтеп жатқан Қырғызстан азаматы Эркинбек Тентемишев аштық жариялап, наразылық ретінде аузын тігіп тастаған. Бұл туралы Қырғызстанның адам құқығы жөніндегі уәкілі кеңсесіне сілтеме жасап Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Қырғыз омбудсмені кеңсесі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, үшінші топтағы мүгедек деп танылған 37 жастағы тұтқын Тентемишев мұндай қадамға өзіне түрме әкімшілігі тарапынан "ұлтына байланысты қысым жасалғаны" себепті баруға мәжбүр болғаны туралы мәлімдеген.

Қырғызстанның адам құқығы жөніндегі уәкілі Кубат Оторбаев тұтқындағы қырғыз азаматының құқығын қорғау, оның шағымындағы дерек расталған жағдайда кінәлі тұлғалардың жауапқа тартылуына жәрдем көрсетуін сұрап Қазақстанның адам құқығы жөніндегі уәкіліне өтініш білдірген.

Сонымен бірге омбудсмен Қырғызстан бас прокуратурасы мен сыртқы істер министрлігіне Қазақстанда қамауда отырған Таштемишевті Отанына экстрадициялау мүмкіндігін анықтауды сұрап хат жолдаған.

Қазақстан Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитеті баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымжан Бекназаров сенбі күні Азаттыққа Тараздағы түрмеде отырған Қырғызстан азаматы Эркинбек Тентемишевке қатысты әзірше ешқандай ақпарат бере алмайтынын айтты.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Янценоның соңғы тұрғыны
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:46 0:00
Cолтүстік Қазақстан

Янценоның соңғы тұрғыны

XS
SM
MD
LG