Бүгін Алматыдағы "Жетісу" сауда базарында контейнерлер өртенді деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. "Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
"Қазақпарат" ресми ақпарат агенттігі "алматылық "Жетісу – Семиречье" базарында ірі өрт болды" деп хабарлады.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетованың хабарлауынша, өрт шыққаны туралы суыт хабар кезекші бөлімге жергілікті уақыт бойынша сағат 13:15 кезінде түскен. Түрксіб ауданындағы "Жетісу" базарындағы контейнерлер өртенген.
Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, базарда зат сақталатын үш контейнер жанған. Өрт жарты сағатқа жуық уақыт ішінде сөндірілген.