Accessibility links

Буркина-Фасода жасалған шабуылдан 28 адам өлген


Буркина-Фасо қауіпсіздік күштері қызметкерлері шабуыл болған жерде тұр. 14 тамыз 2017 жыл
Буркина-Фасо қауіпсіздік күштері қызметкерлері шабуыл болған жерде тұр. 14 тамыз 2017 жыл

Буркина-Фасо қарулы күштері бас штабына жұма күні жасалған шабуылдан кемінде 28 адам мерт болып, 75 адам жараланған. Бұл туралы осы елдің күш құрылымдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап AFP хабарлады. Дәрігерлердің айтуынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны тағы өзгеруі мүмкін.

Reuters тілшісінің оқиға болған жерден хабарлауынша, бет-жүзін жасырған қарулы топ әуелі бас штабқа кіреберістегі күзетшілерге шабуылдаған, артынша жарылыс болған.

Буркина-Фасо билік орындары армия бас штабы мен Уагадугудегі Франция елшілігіне наурыздың 2-і күні күндіз жасалған шабуылдың террорлық сипаты бар дегенімен, бұл болжамды ресми хабарламады. Әзірше ешбір топ шабуылға жауапкершілікті алған жоқ. Шабуыл Франция дипломатиялық миссиясы кеңсесіне жасалғандықтан Париж прокуратурасы қылмыстық іс қозғаған.

Ресми мәлімет бойынша, соңғы үш жылда Буркина-Фасода жасалған 80 терактіде 133 адам ажал құшқан.

XS
SM
MD
LG