Accessibility links

CNN: Олимпиада кезінде Пхеньян жойқын қаруын жетілдірген


Солтүстік Корея Ким Чен Ын әскерилермен бірге. Наурыз, 2016 жыл
Солтүстік Корея Ким Чен Ын әскерилермен бірге. Наурыз, 2016 жыл

Солтүстік Корея баллистикалық зымырандарды басқару механизмін жетілдіруде ілгері жылжыған. Бұл туралы америкалық барлау мәліметтерімен таныс АҚШ әкімшілігінің өкіліне сілтеме жасап CNN телеарнасы хабарлады. Билік өкілінің сөзінше, Солтүстік Корея мамандары оқтұмсықтарды жер атмосферасына қайтаруға қатысты техникалық проблемаларға кезіккен.

Телеарна сөйлескен шенеуніктің сөзінше, Солтүстік Корея бұл жетістіктерге Оңтүстік Кореядағы қысқы Олимпиада ойындары уақытында Пхеньян мен Сеул арасындағы қарым-қатынаста жылымық пайда болған кезде қол жеткізген.

Бірнеше ресми тұлғаның CNN телеарнасына мәлімдеуінше, Вашингтон ядролық қарудан бас тартқызу мақсатында Пхеньянға дипломатиялық қысым жасауды жалғастыратын болады. Сонымен бірге, АҚШ толық көлемді соғыс басталғанын күтпей-ақ, Солтүстік Кореяның зымыран бағдарламасын бұғаттап тастай алады дейді.

Ақпанның соңында АҚШ Солтүстік Кореяның зымыран сынақтарын өткізгеніне жауап ретінде Пхеньянға қарсы жаңа санкцияларды күшіне енгізген. Жаңа шектеу шаралары Солтүстік Кореямен байланысы бар елден астам кеме компанияларына, кемелер мен фирмаларға қарсы бағытталған.

2017 жылғы желтоқсанның аяғында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Солтүстік Кореяға салынған санкцияларды күшейткен. Оған сәйкес, Солтүстік Кореяға сатылатын мұнай өнімдерінің көлемі 85 пайызға азайтылып, шет мемлекеттерде жұмыс істеп жүрген Солтүстік Корея азаматтары 2019 жылдың соңына дейін Отанына қайтарылуы тиіс.

XS
SM
MD
LG