Accessibility links

Ресей миллиардері Дерипаска Кипр азаматтығын алған


Ресейлік миллиардер Олег Дерипаска
Ресейлік миллиардер Олег Дерипаска

Ресейлік миллиардер Олег Дерипасканың екінші азаматтық алғаны туралы ақпаратты бизнесменнің өкілі растаған деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.

Бұған дейін Батыс басылымдарында Дерипасканың "Алтын виза" бағдарламасы бойынша Кипр паспортына ие болғаны туралы мәліметтер жарияланған. Бұл бағдарламаны Кипр экономикасына ірі сомада инвестиция құюға шамасы бар кәсіпкерлер пайдаланады.

Олег Дерипасканың миллиондаған инвестиция салғаны үшін Кипр азаматтығын алғаны туралы ақпаратты Ұлыбританияның The Guardian басылымы журналистері мен Коррупция мен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (Organised Crime and Corruption Reporting Project – ​OCCRP) жобасының өкілдері хабарлаған болатын.

OCCRP мен әлем бойынша коррупцияға қарсы күрес және жемқорлық деңгейін зерттеумен айналысатын Transparency International халықаралық ұйымы наурыздың 5-і күні "Алтын виза" бағдарламасына қатысқан өзге адамдардың аты-жөнін жариялайды деп хабарланған. Коррупцияға қарсы күресушілер бұл бағдарламаны күмәнді жолмен келген ақшаның ізін жасырмақ болғандар да пайдаланады санайды.

XS
SM
MD
LG