Accessibility links

Курт Уолкер: ДХР мен ЛХР таратылуы керек


АҚШ президентінің Украина бойынша арнайы елшісі Курт Уолкер
АҚШ президентінің Украина бойынша арнайы елшісі Курт Уолкер

АҚШ президентінің Украина бойынша арнайы өкілі Курт Уолкер Украинаның шығысындағы жанжалды реттеу барысында осы аймақтағы өзін-өзі жариялап алған "Донецк халық республикасы" мен "Луганск халық республикасы" таратылуы керек деп мәлімдеді.

Қазіргі кезде Украина билігімен және Ресей үкіметінің өкілі Владислав Сурковпен Донбастағы жанжалды реттеу мәселесі бойынша келіссөздер өткізіп жүрген Уолкер бұл пікірін Вашингтондағы Гудзон институтында айтқан.

Донбастағы жанжал туралы Гудзон институтындағы талқылау:

Курт Уолкердің сөзінше, "ДХР" мен "ЛХР"-ды Украинаның шығысында "жалғасып жатқан жанжалды қолдау және Ресейдің ролін бүркемелеу" мақсатымен "Ресей құрған".

"Украинаның конституциялық тәртібінде сепаратистік "халық республикаларына" орын жоқ", - деген ол.

АҚШ президентінің арнайы өкілі Минск келісімінің мақсаты – бүкіл Донбасс аумағында Украина егемендігін қалпына келтіру екенін атап айтты. Бұған қоса аталған келісімнің саяси бөлігі, соның ішінде қазіргі кезде Ресей қолдау білдіріп отырған сепаратистер бақылауындағы территориялардың айрықша мәртебесі, рақымшылық жариялау және еркін сайлау өткізу туралы тармақтары орындалуы керек. Уолкердің пікірінше, мұның барлығын халықаралық бітімгерлер қамтамасыз етуі тиіс. Украинаның шығысында бітімгерлерді орналастыру форматы – қазіргі кезде Уолкердің Мәскеу және Киевпен жүргізіп жатқан келіссөзіндегі негізгі мәселе.

2014 жылы көктемде ресейшіл сепаратистер Донецк және Луганскіде мемлекеттік мекемелерді басып алғаннан кейін өзін-өзі жариялаған "ДХР" мен "ЛХР" пайда болған. Олар қазір Донецк облысы мен Луганск облысының кейбір бөлігіне бақылау орнатқан. Киев бұл территорияларды Ресей басып алған деп санайды.

XS
SM
MD
LG