Accessibility links

Сирия армиясы Шығыс Ғутаның бір бөлігін басып алды


ШыҒыс Ғутамен шектес Дамаск іргесіндегі тексеру және өткізу бекетінде тұрған ресейлік әскери полиция. Сирия, 1 наурыз 2018 жыл.
ШыҒыс Ғутамен шектес Дамаск іргесіндегі тексеру және өткізу бекетінде тұрған ресейлік әскери полиция. Сирия, 1 наурыз 2018 жыл.

Сирия армиясы Шығыс Ғута аймағын үздіксіз бомбалап, аймақтың Дамаск іргесіндегі көтерілісшілер бақылайтын бөлігін бақылауына алды. Бұл жайлы 4 наурызда Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) ұйымы хабарлады.

Армия Шығыс Ғутаның шығысынан оңтүстік-шығысына дейінгі аумағын, оның ішінде ауыл шаруашылығы жерлерін бақылауға алды.

24 ақпанда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Сирияда гуманитарлық бітім орнату туралы қарар қабылдаған. Бұдан соң Шығыс Ғутада бейбіт тұрғындарды, жаралылар мен науқастарды эвакуациялау үшін және гуманитарлық жүк жеткізуге гуманитарлық дәліз ашылған. Бірақ бітім осы күнге дейін орындалмай отыр. Соғысушы тараптар бір-бірін қақтығысты тоқтату режимін бұзды деп айыптайды. Бұған дейін Ресей күн сайын жергілікті уақыт бойынша сағат 9-дан 14-ке дейін гуманитарлық бітім жариялануы тиіс деп хабарлаған.

Башар Асад әскері қоршауға алған Шығыс Ғутада 400 мыңға тарта адам тұрады. Ақпанның ортасында Асад армиясы ауқымды әуе шабуылын бастаған. Бірнеше аптаға ұласқан шабуылдан 640-тан астам бейбіт тұрғын қаза тапты. Құрбандардың 150-ден астамы - балалар. Шығыс Ғутаны көтерілісшілер 2013 жылдан бері бақылап тұр.

XS
SM
MD
LG