Accessibility links

Керимов ісі бойынша ұсталған швейцар бизнесмені босатылды


Сулейман Керимов, ресейлік миллиардер.
Сулейман Керимов, ресейлік миллиардер.

Францияда швейцариялық бизнесмен, қаңтар айында ресейлік бизнесмен әрі Федерация кеңесінің мүшесі Сулейман Керимовтің ісі бойынша қамалған Александр Штудхальтер кепілмен босатылды.

Luzerner Zeitung газетінің Штудхальтердің адвокатына сілтеп хабарлауынша, бизнесмен бес миллион доллар кепіл қойып босатылған. Бизнесменнің Ницца аумағынан шығуына тыйым салынған. Бірақ адвокат Штудхальтерді босатудың өзі оның "кінәсіз екенін растайтынын" айтады.

Штудхальтер Керимов жасаған қаржы операцияларында «жалған тұлға» болды деген күдікке ілінген. Швейцария бизнесмені Ниццадағы Керимовке тиесілі делінген вилланың "шартт иесі" саналады.

Ресей Федерация кеңесінің мүшесі Сулейман Керимов былтыр қарашада Ниццада «қаржы жымқырды және салық төлеуден жалтарды» деген күдікпен ұсталған. Былтар қарашада ол 40 миллион еуро кепіл қойып, босатылған, бірақ Ницца аумағынан шығуға тыйым салынған. Дегенмен, прокурор оның Ресейге барып қайтуына екі рет рұқсат берген. Керимов өзін кінәсіз санайды.

Сулейман Керимов Федерация кеңесінің 2008 жылдан бері депутаты. 2016 жылы ол "Ресейдегі ең бай 200 бизнесмен" рейтингісінде 1,6 миллиард доллар байлықпен 45-орынды иеленген.

XS
SM
MD
LG