Accessibility links

СІМ: АҚШ-та қазақстандық қайтыс болғаны туралы ақпарат тексеріліп жатыр


Қазақстан сыртқы істер министрлігі (Көрнекі сурет).
Қазақстан сыртқы істер министрлігі (Көрнекі сурет).

Қазақстан сыртқы істер министрлігі АҚШ-та Қазақстандық Дайыр Сағдиев есімді студенттің қайтыс болғаны туралы ақпаратты тексеріп жатыр деп хабарлады жергілікті ақпарат агенттіктері.

Калифорния университетінің студенті Дайыр Сағдиевтің қайтыс болғаны туралы 5 наурызда Today.kz сайты оның серігіне сілтеп хабарлады. Студент өлімінің мән-жайы анық айтылмайды. Сағдиевтің тек "қайғылы қазаға ұшырағаны" және бүгін күндіз университет аумағында марқұммен қоштасу болатыны хабарланды.

"Вашингтондағы елшілігімізге ақпарат түспеді. БАҚ хабарында айтылған жігіттің туыстары мен жақындары бізге хабарласқан жоқ. Қазір анықтап жатырмыз" деді журналистерге Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов.

XS
SM
MD
LG