Accessibility links

Италия парламенті сайлауында оңшыл центристер озып тұр


Италия экс-премьері Сильвио Берлускони Миландағы сайлау учаскесінде тұр. 4 наурыз 2018 жыл.
Италия экс-премьері Сильвио Берлускони Миландағы сайлау учаскесінде тұр. 4 наурыз 2018 жыл.

Италияда 4 наурызда өткен парламент сайлауында болжам бойынша бұрынғы премьер-министр Сильвио Берлусконидің оңшыл центристік коалициясы озып тұр. Коалицияға «Италия, алға», Солтүстік Лигасы» және «Италия бауырластығы» партиялары кіреді. France-Presse агенттігінің хабарлауынша, соңғы мәлімет бойынша, коалиция сайлауда әзірге дейін 37 пайыз дауыс жинады.

Екінші орында билікке оппозиция «Бес жұлдыз қозғалысы» 31 пайыз дауыс жинап тұр. 23 пайыз дауыс жинаған социал-демократтар үшінші орында.

Италия заңдары бойынша, сайлауда 40 пайыздан көп дауыс жинап, үкіметті жасақтай алатын партия немесе коалиция парламентте көпшілік орынға ие болады.

Бұған дейін жетекші үш саяси күш коалиция үкіметі құрылатынын жоққа шығарған. Оның үстіне, оңшыл центристер сайлауда жеңіске жеткен күннің өзінде Берлускони, бұған дейін қаржылық қылмыстары үшін сотталғандықтан, премьер-министр қызметіне сайлана алмайды. Сондықтан ол үкімет жетекшілігіне Еуропарламент басшысы Антонио Таянидің кандидатурасын ұсынуды қолдайды. Ал егер Берлусконидің партиясы бұл сайлауда коалициядағы одақтастарынан аз дауыс алса, онда премьер-министр қызметіне мигранттарға қырын қарайтындығымен және Ресей президенті Владимир Путиннің атына мадақ айтуымен танымал Солтүстік лига жетекшісі Маттео Сальвини ұсынылмақшы.

Италия парламентіндегі 630 депутат пен 315 сенатордың орнына 31 партиядан жеті мыңнан астам кандидат ұсынылды.

XS
SM
MD
LG